Өскеменде Күршім ауданының жәрмеңкесі өтеді

5618
көрілім

Алдағы сенбіде облыс орталығында кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 Бұл жолы «Freshmarket» фермерлік гастрономының алдында (Сәтпаев даңғылы) өтетін жәрмеңкеде Күршім ауданының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынбақ. Тұрғындар назарына әдеттегідей арзан бағада ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, бал, көкөніс саудаланады. Қарбыз бен қауынды да молынан әкелмек. Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі алдағы сенбіде, яғни тамыз айының 6-сы күні таңертең сағат 8:00-де басталады.