Өскеменде қыркүйек айында оныншы қазақ мектебі ашылады

2067
көрілім

Өскеменде жуық арада босап қалатын Назарбаев Зияткерлік мектебінің ғимаратын қазақ мектебіне беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Бұл мәліметті Өскемен қаласының білім бөлімі қайта жолданған (түзелген) жауап хатында растады.

Аталған шағын ауданда (Өскемен, ЖМК) тұратын мектеп жасындағы балалар қажеттілігіне сәйкес қазақ тілінде оқытатын мектепті ашу жоспарлануда, – делінген қалалық білім бөлімінің жауабында.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін осы мәселеге қатысты пікір білдірген облыстық мәслихаттың депутаты Зарина Камасова Өскемен қаласының Жібек маталар комбинатындағы мектептерде оқушылар стандарттан тыс көп оқып жатқанын атап өткен болатын. Депутаттың айтуынша, Жібек маталар кенті мен 19-шағын аудандағы бес мектепте 1500 оқушы артық оқып жатыр.

Р/с

Өскемен қаласындағы қазақ тілді білім ордалары

Мектеп қанша оқушыға арналған?

Мектепте қанша оқушы оқиды?

1

Ш. Құдайбердіұлы атындағы №1 орта мектеп

554

660

2

Ш. Уәлиханов атындағы №3 көпбейінді мектеп-гимназия

936

1515

3

Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектеп

725

1201

4

А.Байтұрсынов атын. №20 орта мектеп

580

822

5

35 көпбейінді мектеп-гимназия

531

1231

6

Қ.Нұрғалиев атын. №43 мектеп-гимназия

470

798

7

О.Бөкей атындағы №44 лицей

767

1095

8

45 орта мектеп

666

860

9

46 орта мектеп

1000

1178

Ескерту: Кестедегі ақпарат Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасынан 2016 жылдың қазан айында алынды. Мектептерде оқитын оқушылардың саны өзгеруі мүмкін. Білім ордаларында оқушылар екі ауысым бойынша оқиды.