Өскеменде қызметтік ит ұрланған аю терісін тапты

318
көрілім

Өскемен қаласында полицияның қызметтік иті ұрланған аю терісін табуға көмектесті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

19 желтоқсан күні «102» арнасына қоңырау шалған қала тұрғыны саяжайына белгісіз біреулердің кіріп кеткенін айтқан. Тергеу барысында анықталғандай, 32 жастағы арызданушыға ұры түскені жайлы саяжайға орнатылған дабыл қаққышы СМС арқылы белгі берген. Терезені сындырып ішке кіргендер 280 мың теңгелік аю терісін жымқырып кетіпті.

- Полиция кинологы, аға сержант Қуаныш Бекпаев пен Агат лақап атты қызметтік иттің көмегімен көршілес бақшалық қоғамдастыққа тығылған аю терісі табылды. 35 және 24 жастағы екі күдікті де ұсталды. Олар өз кінәсін мойындап отыр, деп хабарлады Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен (ұрлық) тергеу амалдары жүргізілуде.