Өскеменде мектеп оқушысын көлік қағып кетті

394
көрілім
24.kz

Облыс орталығында шетелдік автокөлік 13 жастағы оқушы қызды жаяу жүргіншілер жолағында қағып кеткен, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Потанин көшесінің бойында орын алған.  Полиция қызметкерлерінің айтуынша «Toyota» темір тұлпарын тізгіндеген 29 жастағы азамат Ушанов алаңына бара жатып жаяу жүргіншілер жолағында жасөспірімді қаққан.

– 2005 жылы туған зардап шеккен қызға «Жедел жәрдем» қызметкерлері көмек көрсетті. Қуанышқа орай, мектеп оқушысы ауыр жарақат алған жоқ, – деп хабарлайды Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметі.

Жол сақшылары автокөлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды.
 

Ботакөз КЕНЖЕХАНОВА