Өскеменде монша өртеніп, бір адам мерт болды

363
көрілім

Кожедуб көшесіндегі жеке үй аумағында тұтанған өрт кеше сағат 17.00 шамасында тіркелген, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- От жалыны 18 шаршы метрді шарпыды, - деп хабарлады Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз қызметі. - Тексеру жүргізу барысында өртенген монша ішінен 1976 жылғы ер адамның мәйіті табылды.

Соған қоса оқиға орнында 1981 жылғы әйел адам болған. Өрт кезінде ол сыртқа шығып үлгергенімен Iбет-ауызын күйік шалып, дереу арада облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа жеткізілді.

Тілсіз жауды ауыздықтауға барлығы 4 техника жұмылдырылған.