Өскеменде облыстық бос орындар жәрмеңкесі өтеді

338
көрілім

Жәрмеңкеге облыстың ірі кәсіпорындары шақырылған. Оның қатарында Өскемен, Семей, Риддер қалалары, Глубокое, Ұлан, Шемонаиха, Катонқарағай және Алтай аудандары бар, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Аталған шара 21 маусым күні Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да (Серікбаев к-сі, 19) өтпек. Жұмыс уақыты 11.00-ден 13.00-ге дейін.  
Жәрмеңкеге жетпістен астам жұмыс беруші кәсіпорын келеді деп күтілуде. Ал жұмыс іздеушілерге мыңнан астам бос орындар ұсынылмақ.