Өскеменде облыстық «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойыны өтті

418
көрілім

Шара Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі филиалының базасында Ауғанстандағы Өскемен соғыс ардагерлері ұйымы, облыстағы Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ардагерлер кеңесі өкілдерінің қатысуымен өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сайыстың басы-қасында жүргендердің айтуларынша, қазірде жастардың әскер қатарында қызмет етуге қызығушылығын арттыруға ерекше мән беріледі. Бұл ретте ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен өңірдің Қорғаныс департаментімен бірлесіп «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойындарын өткізу осындай әріптестіктің жарқын мысалы бола алады.


Айта кетейік, бүгінгі таңда 261 әскери-патриоттық спорт клубтарында жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің 7408 оқушысы үлкен қызығушылықпен айналысады, 1853 жас сарбаздар әскери қызметтің негіздерін үйреніп жатыр.
Дәстүрлі ойындар биыл спортты серік еткен көптеген жастың басын қосты.
- Ойындардың маңыздылығы жастар арасында әскер қатарында қызмет етуді насихаттау, салауатты өмір салтын насихаттау және өскелең ұрпақты спортпен шұғылдануға тарту, - деді ұйымдастырушылар.


Жарыста облыстың жалпы білім беретін мектептері мен колледждерінің әскери-патриоттық спорт клубтарының 7 командасы күш сынасты.
І, ІІ, ІІІ дәрежелі құрметті дипломдар қатысушыларға №1 АҚ «Газтұтқыш кию» нормативін орындау, атыс даярлығы, АК-74 бөлшектеп бұзу мен жинау және түрлі спорттық жаттығулар үшін табыс етілді.


Ойындардың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын – Алтай ауданы, «Алтай қаласының № 8 орта мектебі» КММ командасы;
2 орын – Тарбағатай ауданы, «М. Әуезов атындағы Ақжар орта мектебі» КММ командасы;
3 орын – Өскемен қаласы «№ 49 жалпы білім беретін мектебі» КММ командасы.