Өскеменде өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі мұз астына құлаған балықшыны құтқарып қалды

385
көрілім

Өскемен қаласында өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі Дархан Бейілханов мұз астына түсіп кеткен балықшыны құтқарды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Оқиға кеше таңертең Кенсіз материалдар комбинатындағы қазаншұңқырда орын алған. Мұз астына құлаған балықшы мылқау болғандықтан ешкімді көмекке шақыра алмады. Сол маңайдағы гаражға досымен келген №8 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Дархан Бейілханов осыны байқап қалған. Ойланбастан ол құтқарушыларды шақырады да өзі көмекке ұмтылады, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Құтқару ережелерін жақсы білетін Дархан барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, балықшыны мұз астынан алып шыққан соң оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Оқиға орнына келіп жеткен жедел-құтқару жасағаның қызметкерлері ер адамды дәрігерлерге жеткізіп тастады.