Өскеменде өрттен қайтыс болған адамның мәйті табылды

314
көрілім

Дальневосточная көшесінде қайғылы оқиғамен аяқталған тағы бір өрт оқиғасы болды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Өрт 10 желтоқсан күні, яғни бүгін таңертеңгі сағат 7.30-да тіркелді.

- Үйдің төбесі, есік-терезесі мен құрылыс материалдары жанып кеткен, - деп хабарлады Өскемен ТЖД баспасөз қызметі. - Өрт болған аумақ 70 шаршы метрді құрайды.

Өрт болған үйден күйіп кеткен мәйіт табылды. Марқұмның жеке басына қатысты ақпараттар анықталуда.