Өскеменде отқа оранған көпқабатты үйден 5 адам құтқарылды

175
көрілім

Өскемен қаласында өрт шыққан төртқабатты тұрғын үйден 5 адам құтқарылып, 17 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қалалық ТЖБ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 12 мамыр күні сағат 22.00 шамасында Қайсенов көшесіндегі пәтерде өрт шыққаны жайлы хабар түскен. Бірден оқиға орнына аттанған өрт сөндірушілер 3 қабаттағы пәтерді шарпыған қызыл жалынды ауыздықтауға кіріседі. Екпіні қатты тілсіз жау көрші терезеге де тарап кеткен.

– Құтқарушылар келіп жеткенше көрші подъезде тұратын Алексей Обухов 1972 жылғы әйел адамды сыртқа алып шыққан. Жалпы өрт кезінде өрт сөндірушілер 5 адамды құтқарып (оның ішінде 1 бала бар), 17 адамды эвакуациялады. Жалынның жалпы аумағы 35 шарты метрді құрады. Тілсіз жауды ауыздықтауға 30-дан астам адам мен 9 техника жұмылдырылды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өрттің шығу себебі – отты абайсыз пайдаланудан, электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудан болуы мүмкін.