Өскеменде өзен жағалауында ер адамның өлі денесі табылды

745
көрілім
Шартты фотосурет

Мәйіт мамыр айының 31-і күні Үлбі жағалауында табылған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
– Сол күні 102 арнасына 19 жастағы жігіттің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ол Протозанов көшесінде табылған. Болған оқиғаға байланысты сараптама жүргізілуде, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментіндегілер.

Ақмарал МҰХТАРБЕКОВА