Өскеменде полицейлер төтенше жағдай режимін бұзушыларға қарсы рейд жүргізді

366
көрілім

Өскемен қаласында Төтенше жағдай режимін бұзғандардың ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өскемендік тәртіп сақшылары арнайы рейд жүргізіп, дүйім жұртты төтенше жағдай кезіндегі тәртіпті бұзбауға шақырды. Рейд барысында полицейлер тұрғындардың дене қызуын өлшеп, мекенжайға байланысты берілген рұқсаттамаларды тексерді.

– Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің ата-анасымен бірге сыртқа шығуына рұқсат етіледі. Ал 65 жастан асқан зейнеткерлерге үйден шығуға тыйым салынған. Өкінішке қарай, тұрғындардың 15%-ы Төтенше жағдай режимін бұзуда. Бұл негізінен 20-50 жас аралығындағы азаматтар. Заңбұзушылыққа жол бергендердің ісі ҚР ҚК-нің 476-бабы бойынша сотқа жолданды, - дейді Өскемен қалалық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Жандарбек Ахметжанов.