Өскеменде Республика Алаңында мерекелік концерт өтті

326
көрілім

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне орай қаланың орталық алаңында мерекелік бағдарлама көрсетілді. Өскемендіктерді облыстағы вокал және би ұжымдары құттықтады.

Басқалармен қатар қалалықтардың алдында Юлия Курочкина, Шалқар Мухамғалиев, Әсел Қыдырханова сынды әншілер, «Инкора» вокалдық топ пен «Экстази» шоу-балеті өнер көрсетті.

Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан Республика Алаңына адамдар көптеп жиналды. Жалынды музыкамен үйлескен би арқылы орын алған көңілді атмосфера адамдарға сықырлаған аязға төтеп беруге көмектесті. Сондай-ақ, қызықты және ерекше спорттық жарыстар да өткізілді. Мысал үшін, ер адамдар қойды көтеру конкурсында өз күштерін сынай алды. Жеңімпазға сол қойдың өзі табысталады.

Өскеменнің бас алаңында концертпен қатар ауылшаруашылық жәрмеңке де өтті. Онда Шемонаиха және Тарбағатай аудандарының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынды.

Фото: Виктор Абакумов