Өскеменде резеңке баллонға отырып таудан сырғанаған екі адамды көлік қаққан

266
көрілім

Өскемен қаласының іргесіндегі Шешек асуында резеңке баллонға отырып таудан сырғанаған екі бойжеткен ауруханаға түскен, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

11 қаңтар күні сағат 17.10 шамасында резеңке баллонмен таудан сырғанаған 24 жастағы облыс орталығының екі тұрғыны жүріп келе жатқан «Nissan» маркалы автокөлігіне соғылған. Түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алған олар бірден қалалық №1 ауруханаға жеткізілген.

– Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы бойынша тергеу амалдары басталды, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.