Өскеменде рұқсатсыз ЖҚС салғандарды жауапқа тартпақ

477
көрілім

Аймақ басшысының жеке қабылдауында болған тұрғындар өз шағымдарын айтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Заңгердің айтуынша, нысан құрылысында бірнеше заңбұзушылықтар орын алған. Құжат бойынша учаскіде тұрғын үй салыну жоспары болды. Алайда соңынан бұл жер телімінде басқа нысан бой көтерген.

2015 жылы жүргізілген санитарлы-эпидемиологиялық сараптама нәтижесінде жанармай құю станциясы, автожуу мен ТБС-ның құрылысына берілгені анықталды. Бұл типтегі ЖҚС үшін санитарлы-қорғаныс аймағы 50 метр болуы тиіс. Алайда тұрғын үй жанындағы станция стационарлы типте, және ол 100 метр қашықтықта болуы тиіс. Соған сәйкес талаптар сақталмаған.

– Бұл мәселеге қатысты тергеу басталды. Құрылысқа рұқсат берген басшылар қылмыстық жауапкершілікке дейін тартылады. Табиғи ресурстар басқармасы және Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті мердігер компанияға бұл әрекеттің заңға қайшы екендігін айтса кәсіпкер қаржысын шығындамай құрылысты заңмен сәйкес тұрғызатын еді. Ары қарай бұл нысанмен не істеу керектігін шешіп, заңгерлік сараптама жасаймыз. Шешім сіздермен бірге қабылданады, – деді Даниал Ахметов тұрғындарға.