Өскеменде сенбі күні Күршім ауданының кәсіпкерлері жәрмеңке өткізеді

623
көрілім

Мамыр айының 19 күні облыс орталығында ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

«Freshmarket» фермерлік гастрономы алдында өтетін жәрмеңкеде күршімдіктер сиыр, жылқы, қой еттері, балық (фарш, филе, қақталған және кептірілген) және сүт (сарымай, құрт, ірімшік, кілегей) өнімдерін саудалайды. Сонымен қатар, назарларыңызға Күршім аудандық Мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылады.  Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі алдағы сенбіде, яғни мамыр айының 19-ы күні сағат 9:00-де басталады.