Өскеменде сенбі күні Жарма ауданының кәсіпкерлері жәрмеңке өткізеді

133
көрілім

Ертең облыс орталығында екі бірдей ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Өскемен қаласындағы «Freshmarket» фермерлік гастрономы алдында өтетін жәрмеңкеге Жарма ауданының кәсіпкерлері келсе, Металлургтер мәдениет сарайының (ДКМ) алдындағы алаңда Өскемен қаласының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынатын болады. Тұрғындар назарына әдеттегідей қолжетімді бағада ет, балық, май, сүт өнімдері, бал, күнбағыс майы, көкөніс саудаланбақ. Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі алдағы сенбіде, яғни мамыр айының 26-ы күні сағат 9:00-де басталады.