Өскеменде «Сергек» бейнебақылау камералары келесі аптадан бастап іске қосылуы мүмкін

323
көрілім

ШҚО Полиция басқармасының орталығында жүргізушілерге бейнебақылау камералары қашан қосылатынын айтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Бұл мәселенің анық-қанығы Өскемен қалалық Полиция басқармасының басшысы Дәуір Ибраевпен болған кездесуде белгілі болды. Оның айтуынша, көшеге орнатылған камералар қылмыскерлерді табуда айтарлықтай пайдасы тиеді.

– Келесі аптада жүйе іске қосылады деп сенеміз. Бұл қылмыстың алдын алу мен құқықбұзушылықтарды болдырмауға көмектеспек, – деді Дәуір Ибраев.

«Сергек» бейнебақылау камералары қарсы жолаққа шығып кету, жылдамдықты асыру, бағдаршамның тыйым салу белгісіне өту, тоқтау сызығын басып кету жайттарын тіркейді.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін бірнеше көшеде аталған жүйе іске қосылған еді. Олар:
Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 29. 45-нші дәріхана маңы
Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56. "Металлург" саябағы маңы
Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 80."Валентина" сауда үйі маңы
Ертіс жағалауы, Ғашықтар аллеясы маңы
Славский атындағы жағалау, 40

Облыс орталығында 74 көше қиылыстарында, 85 желілік учаскелер мен аулаларда, қоғамдық орындарда 3000-нан аса «Сергек» камералары орнатылды.
Данияр ЗАЙНЕЛОВ