Өскеменде шағын аудандарды дамыту бағдарламасы бекітілді

348
көрілім

Қала әкімдігінің мәліметінше, құжат әкімнің халыққа есеп беру кездесулерінің қорытындысы бойынша әзірленген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Қаланың шағын аудандарын дамыту бағдарламасы бекітілді. Құжат ең өзекті мәселелерді қамтитын 330 пунктен тұрады. Жалпы тұрғындармен болған он кездесу қорытындысы бойынша қалалықтардан 535 сұрақ келіп түсті» деп жазды Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар өзінің Instagram парақшасында.

Шаһар басшысының айтуынша, жақын арада бағдарлама жайлы егжей-тегжейлі қаралып, тексерілмек.