Өскеменде ШҚО жастар мәслихатының 4 отырысы өткізілді

400
көрілім

Жақында Өскемен қаласында ШҚО жастар мәслихатының 4 отырысы өткізіліп, қазіргі уақытта атқарылып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспарлары талқыланды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
ШҚО жастар мәслихаты 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Негізгі мақсаты - жастарды топтастыра білетін қауқарлы әрі беделді саяси ұйым құру.
Жақында жастар мәслихатының 4 отырысы өткізілді. Отырыс барысында ағымдағы жылға талдау жасап, есеп берілді. Жастар мәслихатының облыс қалалары мен аудандарындағы жұмысы, келелі мәселелер, жастармен жұмыс істеудің әдістері мен формалары, жастар мәслихаты депудаттарының қатысуымен оңтайлы шешім тапқан мәселелер, 2020 жылға арналған жұмыс жоспары, жастар мәслихатының имидждік жобаларын анықтау сынды сұрақтар қарастырылды.