Өскеменде «Шығыс адалдық алаңы: тәжірибе және перспективалар» атты дөңгелек үстел өтті

327
көрілім

6 желтоқсанда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың әкімшілік ғимаратында «Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің моральдық, этикалық және құқықтық қағидалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында «Шығыс адалдық алаңы: тәжірибе және перспективалар» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын іске асыру мақсатында ШҚО-да  «Шығыс адалдық алаңы» жобасы басталғаны белгілі. Жобаның міндеті – сыбайлас-жеқорлықтың алдын алу және азаматтарға оңтайлы жағдай жасау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру болып табылады. Бүгінгі дөңгелек үстел аясында біз «Шығыс Адалдық алаңы» жобасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша тәжірибесі мен болашақтағы жұмысын талқылаймыз, - деді «Шығыс Адалдық Алаңы» фронт офис жетекшісі Елена Березинская-Абилова.

Дөңгелек столға ШҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары Аль-Сеит Бейсембек, ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл  Байжанова, «Өскемен көлік компаниясы» ЖШС техникалық директоры Чайка Михаил, Ұлан ауданы әкімі аппаратының ақпараттық-техникалық және мониторинг бөлімінің бастығы Арай Тороханова, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы әкімінің бірінші орынбасары Кузнецова Анна қатысып, жоба аясында жасаған жұмыстарымен таныстырды.