Өскеменде «Спорт сарайы» аялдамасы тұсына салынған жерүсті өткелінің құрылысы аяқталды

392
көрілім

«Спорт сарайы» аялдамасына салынған жерүсті өткелінде тікелей «Daniel» сауда үйінің үшінші қабатына өтетін қосымша құрылыс пайдалануға берілді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Айта кетерлігі, аталған құрылыс «Daniel» сауда үйінің есебінен бой көтерді.

Естеріңізге сала кетейік, қосымша құрылысты салу өткен жылдың қараша айында басталған болатын. Жоспар бойынша ол ағымдағы жылдың қаңтар айында аяқталуы тиіс еді, алайда құрылыс жұмыстары уақытында аяқталмады.

- Қала әкімі Жақсылық Омар қысқа мерзімде қалған жұмысты аяқтауға тапсырма берді, - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тапсырма берілген соң жұмыс қарқыны күшейіп, нысан қолданысқа берілген. Дегенмен құрылыс қалдықтары салған обьектінің ішінен әлі де шығарылмаған.