Өскеменде спорттық аяқ киім ұрлаған ер адам ұсталды

345
көрілім

5 қаңтар күні «Спортмастер Қазақстан» ЖШС директоры Өскемен қалалық Полиция басқармасына дүкенде орын алған ұрлық туралы хабарлады, деп хабарайды Buqara.kz тілшісі.

Бақылау камераларын қарау кезінде 2019 жылы 30 желтоқсан күні сағат 15.45-15.55 шамасында белгісіз біреудің дүкен сөресінен спорттық аяқ киімді ұрлағаны анықталды. Ер адам жаңа аяқ киімді киіп, орнына өзінің ескісін салып қойған.

Ертіс Полиция бөлімшесінің қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. 40 жастағы қала тұрғыны өз кінәсін мойындаған. Келтірілген шығын көлемі 41 490 теңгені құрады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодекстің 188 бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

- Бұндай оқиға дүкенде алғаш рет орын алып отырған жоқ. Бейнебақылау камераларының арқасында қылмыс жасаған адам қысқа уақыт ішінде анықталды, - дейді Өскемен қалалық Полиция басқармасының басшысы Даур Ибраев.