Өскеменде тағы бір жылы аялдама салынды

300
көрілім

Өскемен қаласында жеке кәсіпкердің қаражатына жылы аялдама салынды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Жаңа жылы аялдама Е.П. Славский атындағы жағалаудың Мемориалдық кешен аялдамасында орнатылған.

«Бұл аялдама сол маңдағы мейрама иесінің сыйы. Көктем шыққанда кәсіпкер абаттандыру жұмыстарына да атсалыспақ» – деп хабарлады Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осымен Өскеменде жылы аялдамалар саны 12-ге жетті. Қалғандары Қасым Қайсенов, мешіт, Ана мен бала орталығы, достық, Молдағұлова, Егоров, Жаңа Ахмер, Қазақстан (2 дана) казцинк және спорт сарайы аялдамаларына орнатылған.