Өскеменде тәртіп сақшысына пара ұсынған көлік жүргізушісіне 252 000 айыппұл салынды

366
көрілім

Өскеменде КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі жол ережесін бұзып, полиция қызметкеріне 2000 теңге пара ұсынған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

КамАЗ жүргізушісі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 595 бабы 1 бөлігінің 8.1-тармағында (маневр жасау қағидаларын бұзу) көзделген жол ережесін бұзған. Кейін құқық бұзушылықты тіркеу кезінде ол полиция қызметкеріне 2000 теңге пара ұсынады. Сол уақытта қызметкер барлығын бейнетіркегішке түсіріп, тиісті орындарға хабар берген.

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мамандары айыпталушы азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 676 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

- Айыпталушыға 200 АЕК көлемінде, яғни 252 000 теңге айыппұл салынды, - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мамандары.