Өскеменде трамвай рельсі сынған

52
көрілім

Өскемен қаласында бүгін трамвай рельсі сынған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Трамвай паркінің әкімшілігі қоғамдық көліктердің қозғалысын бөгемеу мақсатында бірден жөндеу жұмыстарын жүргізді.

– Тозған рельс істен шыққан. Лезде дәнекерлеу жұмыстары қолға алынды. Нәтижесінде 20 минут ішінде рельс жөнделді. Трамвайларға ештеңе болған жоқ. Қазір қоғамдық көліктер қозғалыстарын жалғастыруда, – дейді «Өскемен көлік компаниясы» ЖШС директоры Михаил Чайка.

Оның айтуынша, рельстерді ауыстыру жұмыстары жуық арада жоспарланбаған.