Өскеменде трамвай рельстері жөнделеді

353
көрілім
Шартты фотосурет

Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов коронавирус дертіне байланысты трамвай паркіне жүргізген рейд барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс әкімінің айтуынша, осы жылы трамвай паркі жаңартылып, қалалықтар үшін барынша жаңа күйде қолданысқа беріледі.

– Бірнеше жыл бұрын трамвай паркінің иесі банктерге 467 млн теңгеге қарызға кірген болатын. Нәтижесінде коммуналдық жекеменшікке сатып алуға мәжбүр болдық. Сол кездері қала ішінде 6 трамвай қатынаса, қазір оның саны 18-ге жетті. Бүгінде қоғамдық көліктерге тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Маңыздысы сол, биыл осыған дейін 56 жыл орындалмаған жұмыс қолға алынбақ. Тұрғындар игілігі үшін трамвай жолдарын жөндеу басталады. Әзірге осы бағыттағы жұмыстар Абай даңғылында жүргізілуде, – деді Даниал Ахметов.