Өскеменде туберкулезға қарсы екпе қайта салынады

378
көрілім

Екпе салынбаған нәрестелерді тұрғылықты мекенжай бойынша емханаға апарып егу қажет, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Қалалық Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау басқармасының хабарлауынша, 27 қыркүйектен бастап № 1620, 1637, 1649, 1651 сериялы БЦЖ вакциналары қайта айналымға шығады. Мұндай шешімді дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы қабылдады. Енді қалада туберкулезге қарсы екпе салу бұрынғыдай жалғасады. Перзентханада егілмеген сәбилерге амбулаторлық көмек көрсететін емханаларда вакцина салуға болады.

Естеріңізде болса аталған медициналық екпе жапондық тауар өндірушінің қайтаруымен тоқтаған еді. Оның себебін еріткіштің құрамында бөгде заттардың болуынан деп түсіндірді.