Өскеменде VIII Қысқы универсиада басталды

1357
көрілім

«Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әл-Фарабидің 1150 жылдығы қарсаңында қолға алынған шарада еліміздің әр өңірінен келген ЖОО-ның студенттері қатысуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сайыс алдында сөз алған Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов қатысушылар мен қазылардан универсиада барысында тартысқа толы бәсеке мен әділ төрелік күтетіндігін жеткізді.
- Бүгінгі жарыста ел көлемінде іргелі оқу орындарының студенттері жиналды. Жүлдегер атанумен қатар спортшылар арасында достық шеңберін кеңейтуге зор мүмкіндіктеріңіз бар. Шығыс өңірі кезекті тартыстың куәсі болмақ, - деді ол.

Жарыс шымылдығын Президенттік көпсайысқа қатысушы студенттер  ашпақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, универисадаға 12 ЖОО-дан 80-нен астам спортшы жүлделі орындарды сарапқа салады. Олар шаңғы жарысы, керлинг, оқ ату, күштік жаттығу орындау, оның ішінде ерлер турникке тартылса, қыздар шалқасынан жатқан күйі денені көтеру бойынша өз мүмкіндіктерін байқайды.

Айта кетейік, универсиада қорытындысы бойынша 2021 жылдың қаңтар айының 21-31 аралығында Швейцарияның Люцерн қаласында өтетін XXX қысқы Универсиада ойындарына ел намысын қорғайтын спортшылар белгілі болады. Аталмыш сайыс ақпан айының 23-іне дейін жалғасады.

Әділхан ЕСІМХАНОВ