Өскеменде зейнеткерге көршісі шырша сыйлап, 60 мың теңгесін ұрлап кеткен

369
көрілім

77 жастағы қала тұрғыны полицияға төсеніш астында сақтаған ақшасының жоғалғаны туралы хабарлады, деп хабарлады Buqara.kz тілшісі.

Ұрлыққа 44 жастағы көршісінің қатысы бар болып шықты. Ер адамның үстінен осыған дейін іс қозғалған.

12 желтоқсан күні ер адам зейнеткерге жаңажылдық шырша сыйлап, оны безендіруге көмектескен. Үй иесі шыршаны безендіруге айналған сәтте күдікті төсеніш астында жатқан 60 мың теңгені ұрлап кетеді.

- Күдікті өз кінәсін мойындады, бірақ ақшаны жұмсап үлгерген. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеуді тоқтатуға тура келді, өйткені зейнеткер жазған арызын қайтарып алды, деп хабарлады Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.