Өскеменде жалған құжат жасаумен айналысқан есепші мемлекетке 247 млн теңге залал келтірген

486
көрілім
Шартты фотосурет

Өскеменде кәсіпкерлерге салықтан жалтаруға көмектескен есепші сотталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Экономикалық тергеу департаментінің мәліметіне сүйенсек, әйел адам пайда табу мақсатында жалған бухгалтерлік құжат жасаумен айналысқан. Департамент қызметкерлері оған қатысты тергеу амалдарын аяқтады.

– Анықталғандай, ол 2017-2019 жылдар аралығында коммерциялық ұйымдарға заңсыз шот-фактура жазып келген. Осылайша, сол компаниялар бірнеше жыл салықтан жалтарды. Қала тұрғыны ашқан жалған мекемелерде жұмысшылар штаты, дүние-мүлік пен қоймалар болмады. Оның бұл әрекетінен мемлекетке 247 млн теңге мөлшерінде шығын келтірілген, - делінген хабарламада.

Өскемен қалалық № 2 сотының үкімімен айыпталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 216-бабы 3-бөлігі және 28-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.