Өскеменде «Жамбыл барысы» анықталды

1345
көрілім

Жарыс сәуір айының 29-ы күні Жамбыл гимназиясының спортзалында өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұған аталған гимназияның 9-11 сынып оқитын 32 палуаны қатысты.
– Өте қызықты өткен жекпе жектер барысында жүлдегерлер анықталды. Барлық қарсыластарын таза жеңген 11б сынып оқушысы Қайратұлы Әлішер жеңімпаз атанып 20 мың тенге, кубок және алтын медаль  алды, – деді бәсекенің басы-қасында жүрген жаттықтырушы Болат Бейсенбинов.


Екінші орынды 11б сынып оқушысы Алмас Қайрбеков алып, 15 мың тенге және күміс медаль иегері атанды. Жүлдегерлер үштігін түйіндеген 11а сынып оқушысы Қайратов Нұрбол 10 мың тенге алып, қола медальға ие болды.