Өскеменде Жамбыл саябағына қосымша есіктер орнатылды

250
көрілім

Саябақтағы демалушыларға ыңғайлы болу үшін төрт қосымша есік пайда болды.
Облыстық Сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафт музей-қорығында хабарланғандай, Жамбыл саябағының аумағында ауқымды жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
- Жарықтандыру жүйесі толығымен жаңартылды. Шамдар ауыстырылды, жаңа орындықтар, балалар кешендері мен спорт алаңдары орнатылды. Саябақты абаттандыру барысында бірыңғай стильді ұстанамыз, бұл ерекше атмосфераны қалыптастырады. Сонымен қатар саябаққа келушілер санын арттыру үшін қосымша есіктер орнату туралы шешім қабылданды,- деді музей-қорық директоры Арсен Тен.
Қазіргі уақытта аталған есіктер облыстық әкімдіктің, «Юбилейный» кинотеатрының маңынан және Чехов пен Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысынан (бұрынғы Киров және Орджоникидзе көшелері) ашылды.
-Барлығы жеті кіреберіс есіктерін орнату жоспарлануда. Саябақта  келесі жылы  Wi-Fi ұстап, демалуға арналған орын ретінде пайдаланатын көгалдарды жабдықтаймыз, фаст-фуд өнімдерін сатып, саябақтың жалпы сәулетімен үйлесетіндей етіп ұйымдастыруды абаттандыру және ландшафты жақсарту жоспарларында мақсат етіп қойдық - деді Арсен Владимирович.