Өскеменде Жамбыл Жабаевқа ескерткіш ашылды

383
көрілім

ШҚО әкімі Даниал Ахметов қалалық саябақтағы ескерткіштің салтанатты ашылуына қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.


Жамбыл саябағын қайта құру аясында Даниал Ахметовтің бастамасымен ақынға ескерткіші орнатылды. Мүсін қоладан жасалған. Ескерткіштің авторлары алматылық мүсіншілер Сәрсен Сейітов пен Қазыбек Дулатов болды.
- Жамбыл Жабаев өмір сүрген уақыт саяси және әлеуметтік оқиғаларға толы болды. Ол өмірінің 85 жылын шығармашылыққа арнады. Онда ақын бостандыққа ұмтылған халқының армандарын жырлады,- деді ескерткіштің ашылу рәсімінде Даниал Кенжетайұлы. - Бұл саябақ поэзиялық кездесулер мен байқаулардың, танымал мәдениет және өнер қайраткерлерінің мұраларын насихаттайтын алаңға айналады деп үміттенеміз!


Бұл шараға ұлы ақынның немересі де келіп қатысты.
-Бұл ескерткіштің ашылуы біз үшін тосын сый болды. Мен шеберлердің жұмысын ерекше атап өткім келеді. Олар бізбен байланысқа шыққан жоқ, фотосурет те сұрамады, бірақ олардың жұмыстары керемет шыққан,- деп лебізін білдірді Салтанат Жамбылова.