Өскеменде жаңа ескерткіш ашылмақ

281
көрілім

Биылғы жылдың 14 қараша күні Жамбыл атындағы саябақта ақын ескерткішінің салтанатты түрде ашылуы болмақ, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

-Жамбыл Жабаевқа арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы 14 қараша күні өтеді. Ашылу салтанатына ұлы ақынның туыстары қатысады деп жоспарлануда,- деп хабарлады Облыстық Табиғи-ландшафт және сәулет-этнографиялық мұражай-қорықтың баспасөз қызметіндегілер. Ескерткіштің авторлары алматылық мүсіншілер - Сәрсен Сейітов пен Қазыбек Дулатов. Қоладан құйылған мүсінде қолына домбыра ұстаған ақынның таста отырғаны бейнеленген.  Ескерткіштің биіктігі шамамен екі жарым метрді құрайды.