Өскеменде жаңажылдық 4 шырша құрылады

315
көрілім

Қалалық ТКШ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңажылдық шыршалар Республика алаңында, Комендант саябағында, Арбатта және Комсомол аралында пайда болады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- 2020 жыл қарсаңында қаламызда жаңажылдық 4 шырша құруды жоспарлап отырмыз. Орталық Республика алаңына, Комендант саябағына, Арбат және Комсомол аралына, - деп хабарлады тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі.

Төрт шырша да жасанды және өткен жылы қолданылған. Сондай-ақ Орталық алаңда және Комсомол аралында шаңғы тебуге арналған сырғанақ жасау жоспарлануда.

Республика алаңы, Қазақстан көшесі, Горький көшесі, Ушанов алаңы, Арбат, Самал саябағындағы ағаштар жарықдиодты шамдармен безендіріледі. Қазақстан көшесінде және Орталық алаңда жаңажылдық жарық ағындары, Самал саябағында және облыстық Драма театрының жанында «2020» сандар белгісіндегі жыл атауы, Қазақстан көшесінде және Жеңіс даңғылында жарық приборлары орнатылады.

- Орталық шыршаны орнату 16 желтоқсанға дейін аяқталады деп жоспарлануда. Жаңажылдық безендіру шараларын 20 желтоқсанға дейін толығымен аяқтаймыз, - деді баспасөз қызметіндегілер.