Өскеменде жас жігіт көпірден секірмек болған

316
көрілім

Кеше облыс орталығындағы Ертіс көпірінде тұрғындар келеңсіз жайтқа куә болды. Ер адам көпірден суға қарай секіріп өз-өзіне қол жұмсамақ болған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


- 19 маусым күні сағат 18.00 шамасында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Дәурен Саяқов пен Нұрсұлтан Кенесов көпір маңында жиналған көп халықты көреді. Анықталғандай көпірден қарғымақ болған жігітті куәгерлер райынан қайтармақ болған, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Адамдар еркекті әңгімеге айналдырып, назарын аударып тұрған сәтте полиция қызметкері аға лейтенант Дәурен Саяқов өмірімен қоштаспақ болған жігіттің қолынан мықтап ұстап үлгерген. Оқиға орнында болғандардың көмегімен 28 жастағы қала тұрғыны көпірден қауіпсіз жерге жеткізілді.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қол жұмсамақ болған қала тұрғыны мас күйде болған.