Өскеменде жайдарман ойыншылары қала әкімінің кубогін сарапқа салды

377
көрілім

Өскемен қаласы әкімінің кубогіне өтетін жайдарман ойыны биыл да жалғасын тапты. Әзілкештер додасында «Жаңа Семей» командасы алдына жан салмай, бірінші орынды иеленді.

Қала әкімінің кубогін сарапқа салу үшін Шығыс Қазақстан облысының түкпір-түкпірінен 7 команда қатысты. «Ертіс концерт» ғимаратына жайдарманшылардың ойынын тамашалауға жиылған өскемендіктердің саны аз болған жоқ. Келушілерді әр түрлі жанрдағы әзілмен сусындатқан командалардың дайындығы мығым екен. Сайыс қорытындысы бойынша «Жаңа Семей» ойыншылары топ жарып, 100 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйлықты иеленді. Ал екінші орынға Аягөз құрамасы (70 мың теңге) жайғасса, үздік үштікті Өскемен қаласының Қамажай командасы (50 мың теңге) қорытындылады. Үздік ойыншы атағына көрерменнің көзайымына айналған Көкжайық (Көкпекті) командасының ойыншысы ие болды.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ