Өскеменде жазушы Дидахмет Әшімханұлының өмірі мен шығармашылығы қамтылған кітаптың тұсауы кесілді

1033
көрілім

Кітаптың авторы ардагер ұстаз әрі ақын Ләззат Қажаева, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әзірге кітап аса көп тиражбен таралмады. Десе де прозаның бір топ өкілдері жоғары бағасын беріп, Дидахмет Әшімханұлының образы қаз-қалпы берілгендігін ерекше атап өткен. Бүгін Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада соның тұсауы кесіліп, Әлібек Асқаров, Дәурен Қуат, ардагер журналист Айтмұхамбет Қасымов сынды қалам иелері салтанатты шараның куәсі болды. Көптің назарын аударған кітапта Батыс жазушыларын қазақша сөйлетіп, аударма ісіне жан бітірген катонқарағайлық қаламгердің өзгелерден артықшылығы ап-анық көрсетілген дейді.
– Оралхан, Әлібек, Дидахметтей жандар анда-санда бір туады. Ләззат Бәженқызы жазған «Сәулелі ғұмырды» қазақтың барлық мектептерінде оқытса деймін. Өйткені  қазақтың біртуар қаламгерінің өмірбаянын осылай жазу арқылы балаларымызды тәрбиелейміз. Оларға әдебиеттің не екенін, оның қалай қалыптасатынын осы кітап арқылы жеткіземіз. Дидахмет шығармаларының барлығының өзіндік бояуы бар. Басқаша суреттеу байқалады, – деді жазушы, сыншы Мереке Құлкенов.