Өскеменде жазушы Марат Қабанбайдың мерейтойына орай әдеби байқау жарияланды

579
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана Зайсан өңірінің тумасы, балалар жазушысы Марат Қабанбайдың 75 жылдық мерейтойына орай, оқушыларға арналған облыстық әдеби шығармашылық байқау жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қара сөздің Қабанбайы атанған жазушының негізгі тақырыбы – балалар әдебиеті. Тіпті сол үшін «Андерсен» атындағы сыйлықтың иегері атанды.
Байқауға 7-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады. Жазушы  жерлесіміз Марат Қабанбайдың  өмірі  және  әдеби мұрасы (шығармалары) бойынша қазақ және орыс тілінде орындалған  келесі шығармашылық жұмыстар қабылданады: бейнероликтер, анимация, комикс, сөзжұмбақ (кроссворд), интерактивті онлайн-ойындар  (learningapps.org;  genial.ly; wordwall.net, Actionbound), буктрейлер, иллюстрация. (қалаған біреуін, немесе бірнешеуін жасау).
Айта кетейік, байқауға қатысушылар орындаған жұмысына тақырып қою және жазушының қай шығармасы бойынша орындағанын көрсету керек.
Әдеби шараның мақсаты – Марат Қабанбайдың  шығармашылық  мұрасын  насихаттап, оны дәріптеу һәм балаларға шығармашылық қолдау көрсету.
Қатысушылар шығармаларын 2022 жылдың 24 қарашасынан 2023 жылы 1 наурызына дейін жіберулері тиіс. Белгіленген мерзімнен кеш жіберілген жұмыстар қабылданбайды.
Жеңімпаздар 2023 жылы, 15 наурызда марапатталады. Шығармаларыңызды кітапханамыздың ukcbs@mail.ru поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.

Біздің мекенжайымыз:
ШҚО, Өскемен қаласы
Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22
Сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыздар!
+7 7778550705, +7 7074949883 (whatsapp) — Жанат Жиенбекова
8(7232) 25-17-70