Өскеменде жемқорлықпен күресудің жаңа тәсілдері талқыланды

422
көрілім

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Transparency Kazakhstan жазғы мектебі Шығыс Қазақстанға да келіп жетті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Жазғы мектептің мақсаты халықаралық жемқорлықпен күрес мектептерінің тәжірибесін үйреніп, қазақстандық заңнама жүйесі арқылы жемқорлықпен сатылы түрде күресу және оның алдын алу мен салдарын болдырмауды көздейді.
Шараға Қазақстандағы БҰҰ маманы да ат салысты. Аталған мектеп еліміздің барлық аймақтарында  жүргізіледі.


– Бүгінгі күнде жемқорлықпен күресу мәселесі алдыңғы қатарда. Қоғамдағы қауіпті деген індеттердің бірі. Мемлекеттік қызметкерлерге де осы ретте үлкен жауапкершілік пен міндет артылады, – дейді Transparency Kazakhstan атқарушы директоры Ольга Шиян.


Бұдан басқа шара барысында азаматтық қоғамның жемқорлықпен күресуге әсері мен кәсіпкерліктегі жемқорлыққа қарсы стандарттары қарастырылды.
Айта кетейік, бұл науқан осыған дейін Қазақстанның 14 қаласында өткен. Келесі кезекте Семей, Павлодар, Қарағанды қалалары тұр.


Данияр ЗАЙНЕЛОВ