Өскеменде жәрмеңке өтеді

671
көрілім

Алдағы сенбіде облыс орталығында кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 Бұл жолы «Freshmarket» фермерлік гастрономының алдында (Сәтпаев даңғылы) өтетін жәрмеңкеде Глубокое ауданының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынбақ. Тұрғындар назарына әдеттегідей арзан бағада ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, бал, көкөніс саудаланады. Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі алдағы сенбіде, яғни қараша айының 12-і күні таңертең сағат 8:00-де басталады.