Өскеменде жоғалған бала өзен жағасынан табылды

347
көрілім

7 жасар бала әжесіне барар жолда жоғалып кеткен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

24 тамыз күні полицияға 27 жастағы қала тұрғыны шағымданған. Ол жоғалып кеткен ұлын іздеуге көмек сұрап, бала әжесіне бармақ болғанын айтады.

– Полицейлер отбасының таныстарынан, баланы көрген адамдардан, саябақтарды, тұрғын үйлердің кіреберістерін аралап жауап алды, - деп хабарлады Өскемен қалалық полиция бөлімшесі.

Баланы «Қыран-13» экипажының мүшелері Дәурен Жанұзақов пен Азамат Ануарбекұлы тауып алған.

– Бала Үлбі жағасындағы Тихая көшесінің маңынан табылды, - дейді қалалық полиция бөлімінің басшысы Андрей Мула.

Баланың айтуынша әжесі үйде болмағандықтан далаға серуендеуге шыққан.