Өскеменде жоғалып кеткен 12 жастағы қыз табылды

337
көрілім

Облыс орталығында жоғалып кеткен Жанерке Қанапиянова табылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

7 тамыз күні сағат 18:30-дар шамасында Өскемен қаласының Есенберлин көшесі 4 «А» мекенжайы бойынша тұратын, 12.05.2007 жылы туған Қанапиянова Жанерке Дәуренқызы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Оны іздестіру жұмыстары ұйымдастырылып, іздеу шараларына Өскемен қаласы полиция басқармасының жеке құрамы мен Ұлттық ұланның 60 әскери қызметкері жұмылдырылған болатын.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 тамыз күні кешке қарай 12 жастағы қыз аман-есен табылған.