Өскеменде жолдар мен тротуралар мұз айдынына айналды

302
көрілім

Әкімдік бұл мәселені өз бақылауына алды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Құбылмалы ауа-райынан кейін жол жүру жағдайы ушығып, тайғанап құлау мен жарақат алу жиілеп кетті. Осы жағдайдан кейін қала тұрғындарында қала әкімдігі белсенді жұмыс атқармайды, мұз мәселесіне көңіл бөлмейді деген пікір қалыптасқан.

Алайда қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Әлібек Тұрсымбетовтің айтуынша, қала билігі жағдайды бақылауға алған. Бірақ бұл бақылаудың нақты қалай жүзеге асырылатыны туралы айтылған жоқ.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Владимир Землянский де түсініктеме берді, ол қазіргі уақытта қала көшелеріне арнайы техникалар тартылып жатқанын айтты.

Қалалық жолдар мен тротуарлардың жай-күйіне шағымдар мен үндеулер жайлы тәулік бойы 53-25-77 нөміріне хабарласа аласыздар.