Өскеменде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы тағайындалды

309
көрілім

Қалалық әкімдіктің дербес бөлімін Альмира Мусинова басқаратын болады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Өскемен қаласы әкімдігінің мәліметінше, Альмира Мусинова 2001 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетін «Дүниежүзі тарихы» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

2006 жылдан бастап Өскемен қаласының жергілікті атқарушы органдарында жұмыс істейді. Білім басқармасында атқарушы маман, әкім кеңесшісі болып қызмет атқарған.

Соңғы қызметі - қала әкімінің ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы.