Өскемендедегі BMX веложолағы олимпиадалық талаптарға сай - Жақсылық Омар

1008
көрілім
Шартты сурет

Қала басшысы Жақсылық Омардың айтуынша, жастардың спортпен шұғылдануы ұдайы бақылауда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Самал саябағындағы өзгерістер әр жылы әр қалай жүзеге асырылып жатқанын айта келе веложолаққа тағы бір тоқталды әкім. Сөзінше, қолданысқа берілген BMX веложағы еліміз бойынша жалғыз, әрі олимпиадалық талаптарға сай.
- Бұдан бөлек, жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында 160 спорт үйірмесі ашылды. Бұл 17 спорт түрі бойынша 3000-нан астам оқушыны қамтиды, - деді жауапты тұлға.