Өскемендегі 23 шағын аудан тұрғындары автобустардың сирек қатынайтындығына наразы

195
көрілім
Шартты фотосурет

Тұрғындардың айтуынша, қазір қалаға қатынау мүлде мүмкін болмай отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мәлім болғандай, аталмыш аудан тұрғындары осыған дейін талай рет қала әкімдігіне барып өтініш-тілектерін жеткізгендерімен, жауапты тұлғалардың құлағына әлі де жетпеген.

– Осыған дейін қалаға Қ.Қайсенов кентінен жүретін автобустарға отырып, жетіп жүрген едік. Қазір Меновное ауданына жаяу барып, сол жерде автобус күтуге тура келеді. Діттеген жерімізге де көп жағдайда кешігіп барамыз, – дейді Әсем Мұхтарова (аты-жөні өзгертілген). – Бұл мәселеге мән берер ешкімнің болмай тұрғаны өкінішті. Тіпті, қала сыртындағы саяжайларға дейін автобустар жүреді. Сонда бізге не істеу керек?