Өскемендегі автобустар күніне бірнеше реттен дезинфекциялануда

488
көрілім

Қаладағы автопарктерде көліктерге күнделікті санитарлық шаралар жүргізу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы «Voska» ЖШС директоры Қанат Қалелов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Дезинфекциялық шаралар күніне бірнеше рет жүргізіледі. Айталық, күндіз, кешке, автобустар соңғы аялдамаларда ұзақ уақыт тұрып қалған кезде жасалады, – дейді серіктестік директоры. – Төтенше жағдай режимі енді басталып жатқанда автопаркке санитарлық-эпидемиялық орталық мамандарын шақырып, сақтық шараларына жіті мән бердік. Олар қызметкерлерімізге дезинфекцияны қалай жасау керектігін түсіндіріп, білгендерімен бөлісті. Бұдан соң біздің мамандар да істің барысын түсініп, автобустардың іші-сыртына күнделікті және бірнеше реттен дезинфекция жүргізіп отырды. Қазір бұл уақтылы іске асырылуда. Күн сайын мұнымен төрт қызметкеріміз айналысады.
Қазіргі уақытта «Voska» ЖШС-дан күн сайын желіге 50-ден астам автобус шығады.