Өскемендегі балабақшада бүлдіршін баспалдақтан құлап жарақат алды

675
көрілім

Мемлекеттік мектепке дейінгі мекемеде болған оқиғаға қатысты ШҚО Полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды buqara.kz.

Қалалық Білім бөлімінің мәліметінше, бұл оқиға баланы ата-анасына бергеннен кейін болған.

- 4 жастағы бала баспалдақтағы қоршауға шығамын деп құлап қалды. Оқиға орнына тез арада жедел жәрдем шақырылып,  бүлдіршін ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, болған оқиғаға байланысты  баланың ата-анасы жауапкершілікке тартылмайды.

Валентина СЕЙІТҚАНОВА